Алматылық студенттер сапер-танк құрастырып шықты

Алматылық студенттер сапер-танк құрастырып шықты

Алматылық студенттер жарылғыш заттарды зарарсыздандыратын танк жасап шықты. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне жоба жетекшісі Нұрлан Кәрімжан айтып берді.  

Модельді жасап шығу үшін студенттерге бір ай көлемінде уақыт қажет болған екен. Олар танктің негізі ретінде ойыншықтың шассиін қолданса, корпусы мен басқа да детальдарын өздері құрастырып шыққан. Ал өте ұсақ детальдар 3D-принтерде басылған. Одан кейін сапер-танкін кішкене жүктерді көтере алатындай манипулятормен жабдықтаған. Ал танктің өзі смартфон көмегімен қозғалады. Құрылғымен байланыс мобильді Интернет, Wi-Fi немесе Bluetooth көмегімен жүзеге асырылады.

1

Кейін танк қаңқасының негізі жасалған. Танк корпусы оргшыныдан құйылған. Ендігі жерде өнертапқыш студенттер өздері жасаған ноу-хау өнімін адам аяғы баса алмайтын жерлерде немесе қауіпті нысан ішіндегі әскери мақсаттағы істерге пайдалануды жоспарлап отыр. Алайда одан бұрын Кәрімжаннің сөзінше, құрастырушылар техникаға патент алуы тиіс. Авторлық құқық беруге команда қазірдің өзінде өтініш беріп үлгерген екен.

2

Келешекте сапер-танк әскерилер, полиция мен құтқарушыларға үлкен көмегін тигізеді деп күтілуде. Студенттер де жаңа техникаға аталған құрылымдар қызығушылық танытады деп үміттеніп отыр. Алайда ол үшін танктердің өндірісін бір жолға қою керек. Ал алдағы уақытта студенттер оның корпусын дюралюминийден жасауды жоспарлап отыр.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: ©құрастырушы топ

Б. Қосмағамбет