Жаңа iPhone 6 смартфонының сипаттамалары белгілі болды

Жаңа iPhone 6 смартфонының сипаттамалары белгілі болды

Apple корпорациясының жаңа iPhone 6 смартфоны және тағы да бір фаблетінің сипаттамалары белгілі болды. Apple екі өнімін де қыркүйек айында таныстырмақшы. Оңтүстік кореялық KDB Daewoo Securities брокерлік фирмасының сарапшылары 2014 жылы iPhone-ның үлкейтілген дисплейлерге ие екі бірдей моделінің жарыққа шығатындығын растап отыр.   

KDB Daewoo Securities фирмасына сілтеме жасаған BGR (Boy Genius Report) басылымы «биылғы жылы Apple компаниясы дәтүрлі әдісімен iPhone 5s-ті жаңа iPhone 6 смартфонына алмастырып, сондай-ақ жаңа екінші бір фаблет (жартылай планшет, жартылай смартфон) аппаратын таныстырады» деп жазады. Сарапшылардың пікірінше, iPhone 6 смартфоны 4,7-4,8 дюймды экранмен жабдықталса, фаблет 5,5 дюймға ие болады деп болжап отыр.

BGR басылымы KDB Daewoo Securities фирмасының мамандары осыған дейін де Apple компаниясының болашақ өнімдірінің қандай болатынына дәл болжам жасағандығын да алға тартады.  

Қаңтар айында Wall Street Journal газеті өізнің кейбір ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, «болашақ модельдердің бірі 4,5 дюймды болса, екіншісі 5 дюймнан аса дисплейге ие болады» деп болжаған еді.

Аталған фирма сарапшылары iPhone 6 дисплейі 1920х1080 пиксельді, ал фаблеттікі 2272х1280 пиксельді болатындығын айтады.

Екі өнім де компанияның су жаңа  64 битті архитектурасы бар Apple A8 процессорымен жабдықталмақ. Құрылғыларда 2 ГБ оперативті жад және 8 МП негізгі камералар болады. Фронтальдысы 3,2 МП құраса, батарея сыйымдылығы 1800 мАсағ құрайды. Үш түрлі флеш жадтармен ұсынылады: 16, 32, 64 және 128 ГБ.

Сондай-ақ KDB Daewoo Securities жаңа iPhone смартфоны 7.2 нұсқадағы iOS операциондық жүйемен жарыққа шығады дегенді айтады. Демек, бұл Apple өзінің әр өніміне жаңа операциондық жүйе қолданатынының тағы да бір дәлелі.

Apple компаниясының фанаттарының қолынан шыққан болашақ iPhone-ның концептілерінің бірі

Жақында Интернет беттерінде жаңа iPhone iOS 8 операциондық жүйесімен жұмыс жасайды деген де ақпараттар болған еді. Сондай-ақ жаңа ОЖ-де жаңалық ретінде HealthBook фитнес-қосымшасының (приложение) бар екендігі айтылады. Ал графикалық интерфейс бұрынғы қалпында қалады.  

Соңында KDB Daewoo Securities жаңа гаджеттер 2014 жылдың екінші не болмаса үшінші жарты жылдығында таныстырылады дегенді айтады. Ал осыған кейбір ақпарат көздері iPhone 6 смартфоны өткен жылы iPhone 5s және iPhone 5c аппараттары таныстырылған уақытта жарыққа шығады деп жазған еді.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: iphone5news.ru

Б. Қосмағамбет