Archos ұсынған үш түрлі Neon моделі

Archos ұсынған үш түрлі Neon моделі

Archos компаниясы Neon планшетінің үш бірдей түрін жарыққа шығарып отыр. Олар -  Archos 90 Neon, Archos 97 Neon және Archos 101 Neon құрылғылары.

Үш гаджет те 1,4-тен 1,6 ГГц-ке дейінгі аралықта жұмыс жасайтын төрт ядролы процессормен, 1 ГБ оперативті жадпен, сондай-ақ microSD картасы есебінен ұлғайтуға болатын 8 ГБ флеш-жадпен жабдықталған.

Archos 90 Neon планшеті бүгінгі таңдағы өлшеммен салыстырғанда төмен сапалы саналатын 800х4809 пиксельді, 9 дюймды экранмен жабдықталған. Archos 97 Neo болса 1024х768 пиксельді және 9,7 дюймды дисплейге ие. Ал 10,1-дюймды Archos 101 Neon моделінің мүмкіндігі 1024х600 құрайды.

1

Жаңа планшеттер Android 4.2 Jelly Bean операциондық жүйесі негізінде жұмыс жасап және Google Play қызметіне толықтай қосыла алады.

Планшеттердің қашан жарыққа шығатыны жөнінде әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Алайда ресми таныстырудан кейін ол көп кешіге қоймас. Бағалары да белгісіз. Бірақ гаджеттердің сипаттамасына қарап, оның бюджетті өнім болатынын айтуға болады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: geeky-gadgets.com

Б. Қосмағамбет