Lenovo Miix 2 гибридті планшет/нетбугы сатылымға шықты

Lenovo Miix 2 гибридті планшет/нетбугы сатылымға шықты

Lenovo Miix 2 гибридті планшет/нетбуктарының буыны 8-11 дюйм аралығын құрайтын экрандармен жабдықталған. 8 дюймды модель нарыққа өткен жылдың аяғына қарай шыққан болатын. Ал 10 және 11 дюймды модельдер ағымдағы жылы қаңтардың басында CES көрмесінде таныстырылды.

Қазір өндіруші компания Еуропа мен Америка елдеріне 10 дюймдық, Windows 8.1 операциондық жүйесімен жұмыс жасайтын модельді 599 және 699 доллар бағада сатуды бастап кетті. Оның дисплейінің мүмкіндігі 1920х1080 пиксельді құраса, көру бұрышы 180 градусқа жақын.

Гибридті өнім 1,33 ГГц жиілікте жұмыс жасайтын Intel Atom Z3740 процессоры көмегімен жұмыс жасайды. 2 ГБ оперативті жады бар. eMMC сыйымдылығы 128 ГБ құрайды (арзанырақ тұратын модельде бұл 64 ГБ болады). Құрылғы 2 және 5 Мп екі бірдей камерамен жабдықталып, Bluetooth 4.0 сымсыз технологиясын қолдайды. Құрылғы гибрид болғандықтан, планшеттен ноутбукке оңай, әрі тез арада айнала алады. Сондай-ақ оны іске қосу кезінде иесінің бет жүзін тану функциясы да қосылады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: liliputing.com

 

Б. Қосмағамбет