Бюджетті бағадағы видеоконференция жүйесі таныстырылды

Бюджетті бағадағы видеоконференция жүйесі таныстырылды

Logitech компаниясы жоғары сапалы байланыс түрімен қамтамасыз ететін, шағын кеңселерге арналған және де қымбат емес жаңа видеоконференция жүйесін таныстырды.  

Жүйе Logitech CC3300e деген атауға ие болды. Ол жеке компьютерге, ноутбукке немесе басқа да гаджеттерге қосылуға мүмкіндік беретін барлық қызмет түрлерімен жабдықталған. Жүйе видеоконференцияға 6-10 адамға дейін қатыса алатындай және видео сапасын fullHD түрінде беретіндей мүмкіндікке ие. Оның камералары 90 градусқа дейінгі бұрышты түсіріп және 10 еселік зумға дейін қолдай алады. Сондай-ақ камералар қашықта отырған адамның өзін басқара алатындай етіп жасалынған.

Logitech CC3300e құрамына 6 метрге дейін байланысты қамтамасыз ететін шуды өшіретін жүйесі бар стереомикрофондар кіреді. Жеке компьютерге қосылу мүмкіндігінен бөлек,  USB-интерфейсі арқылы смартфондар мен планшеттерге де оңай байланыс орнатуға болады. Бұл жағдайда байланыс Bluetooth сымсыз технологиясы көмегімен жүзеге асырылады.

Logitech компаниясы өнімінің бюджетті бағасымен де көпшілік компаниялардың назарын өзіне аударары анық. Мысалы, тура осындай қызмет түрлері бар кейбір жүйелер 7000 $ тұрса, жаңа жүйенің бағасы бар болғаны 1000 долларды құрайды.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: geeky-gadgets.com

Б. Қосмағамбет