Аспаздарға арналған жаңа гаджетпен таныс болыңыз...

Аспаздарға арналған жаңа гаджетпен таныс болыңыз...

Енді аспаздар күнделікті тұрмыста не жұмыста түскі, кешкі асқа не дайындаймын деп бас қатырмайтын болады. Оларға көмекке Netchef G2 гаджеті келіп отыр. Ал біз Android операциондық жүйесімен жұмыс жасайтын жаңа гаджет ас үйдегі жанның сенімді көмекшісіне айнала алады деп сенеміз.

Әрине Android жүйесінде аспаздыққа арналған көптеген қосымшалардың бар екендігі белгілі. Алайда қарапайым смартфондар мен планшеттерді ас үйде қолдану көп жағдайда қолайсыздық тудыратыны белгілі. Ал Netchef G2 болса дәл осы салаға ғана арналған креативті девайс болып табылады.

Netchef G2 өз иесіне 500-ден аса рецепт топтастырылған кітапханаға қосылуға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ ол 1024х768 пиксельді 8-дюймды дисплеймен, 4 ГБ ішкі жадпен және жад көлемін 32 ГБ дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін microSD картасына арналған тетікпен жабдықталған. Гаджет электроника тілін жетік білмейтіндерге арнайы жасалынған Android операциондық жүйесі көмегімен жұмыс жасайды. Девайс өзімен бірге стереодинамиктерді де пайдалана алады. Осының арқасында оның иесі сүйікті музыкасын тыңдай отырып, ас мәзірін әзірлеуге мүмкіндік жасалынып отыр.  

Netchef G2 ас үй Android-гаджетінің бағасы 280 долларды құрайды.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: plus.google.com

Б. Қосмағамбет