Жасөспірімдердің таңдауы - Туиттер

Жасөспірімдердің таңдауы - Туиттер

Туиттер жасөспірімдер арасындағы ең танымал әлеуметтік желіге айналды. Piper Jaffray, жүргізген маркетингтік зерттеулер қорытындысы бойынша, Туиттер жасөспірімдердің 26 пайызының таңдауы екендігін көрсетті. Ал екінші орынды 23 пайыз дауыс жинаған Фейсбук иеленді. Бір жылдары осындай сауалнамаларда бірінші орынды 42 пайыздық көрсеткішпен Марк Цукербергтің компаниясы иеленген болатын.     

Алайда мақала авторлары Twitter, Inc. басшылығына тым босаңсымауға кеңес береді. Бұған себеп жасөспірімдер арасында Инстаграмның танымалдылығы өсіп келе жатқандығымен байланысты болып отыр. Оның басты дәлелі – бір жыл ішінде ғана тинэйджерлердің арасында аталған әлеуметтік желіні қолданатындар саны 12-ден 23 пайызға өскен.  

Осы сауалнамаға қатысқан 14 жасар қыз былай деп пікір білдіреді: «Мен Фейсбуктегі аккаунтымды шамамен алтыншы сыныпта аштым. Содан бастап ол жерден шыға алмай қалдым десем де болады. Алайда сегізінші сыныпта кездейсоқ Туиттерге кіріп, осыдан кейін тек сол жерде ғана отыратынды шығардым. Егер сізде Туиттер мен Инстаграм болса, Фейсбуктың қажеті болмай қалады екен». 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: socialmediaweek.org

Б. Қосмағамбет