Балаларға арналған Vtech "ақылды" сағаты

Балаларға арналған Vtech "ақылды" сағаты

«Ақылды» сағаттар уақыт өткен сайын үлкен танымалдыққа ие боып келе жатқаны белгілі. Біз бүгінге дейін әртүрлі компанияларға тиесілі осындай гаджеттердің бірнешеуімен танысып та үлгердік. Apple корпорациясы iWatch аталған «ақылды» девайсын биылғы жылы жарыққа шығарады деген сыбыстар да толастар емес.

Өнімдер саны көбейген сайын бұл салада бәсекелестік күн санап өсіп келеді. Енді біреулер «ақылды» сағаттарды жас ерекшеліктеріне қарай бөліп, шығара бастады. Осының бір дәлелі - Vtech компаниясының 6 мен 12 жас аралығындағы жас қолданушыларға арнаған жаңа гаджеті болып отыр.

VTech сағаты уақытты цифрлы және стандартты түрде көрсетуден бөлек, әртүрлі қызмет түрлерін атқара алады: фото мен видеоға түсіріп, дыбыс жазып (диктофон қызметі), оларға әртүрлі эффектілерді де беретіндей мүмкіндікке ие. Сондай-ақ қолданушыны  оқытып, үйрететін қызықты ойындары есебінен көңілін де көтере алады.

Гаджеттің 1,4 дюймды түрлі-түсті дисплейі, аккумуляторы бар. Өзінде сақталған фотолар мен видеоларды компьютерге USB-порты арқылы жібереді.

Балалар талғамын есепке алған өндіруші компания девайстың беткі панелін жиырмадан аса түспен өзгертуге болатындай мүмкіндік сыйлады. Мұндай құрылғының қазіргі бағасы интертен-дүкендерде 65 долларды құрайды.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: gizmag.com

Б. Қосмағамбет