Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Смартфондар әлеміндегі жаңа тенденция немесе үлкен өлшемді дисплейлер

Смартфондар әлеміндегі жаңа тенденция немесе үлкен өлшемді дисплейлер

Смартфондар әлеміндегі жаңа тенденция немесе үлкен өлшемді дисплейлер

Соңғы кезде смартфондар өндірушілер арасында экрандарды жарысып үлкейту сәнге айналғандай. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, көпшілік қазір 5 дюймды дисплейі бар құрылғыны DELL Streak 5 сияқты планшеттер классына жатқызатыны да бар. Енді дәл осы өлшем Android-құрылғылар үшін стандартты болып үлгерді. Ал 2013 жылы одан да үлкен смартфондар шықса, 2014 жылы 5,5” және одан да үлкенірек дисплейге ие құрылғылар жарыққа шығады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде осы жылдың смартфондарына тән құбылысқа айналуы да ғажап емес.

Қазір құрылғылардың фаблет аталатын жаңа классы дүниеге келіп үлгерді. Әрине оларды экранына қарап, смартфондар классына жатқызуға болмас. Оның үстіне, олардың кейбірінің өлшемдері 7 дюймды планшеттерге де жетіп жатады. Бүгінгі таңда біз аптасына кем дегенде бір жаңа смартфонның өмірге келуінің куәсі болып жүрміз. Осы саладағы бәсекенің күн санап артуын ескерсек, бұл әрине қалыпты құбылысқа жататыны даусыз. Ал ондағы экран өлшемдерінің де күн санап өсуі көптеген қолданушылар үшін жағымсыз тенденцияға да айналып үлгерді. Кезінде Стив Джобс смартфондар үшін қалыпты өлшем деп белгілеп кеткен 3,5 дюйм Apple үшін өз маңызын жойғалы қашан. 

Сонымен смартфон дисплейі үшін қандай экран өлшемі оптималды саналады? Бұл сұраққа тікелей жауап беру күрделі іс. Себебі бұл тенденция болғандықтан, өзгермелі, субъекивті жағдай. Алайда бұл сұраққа қолданушылардың өзі жауап беріп көрсін. Сонымен phonearena.com ресурсы жасаған сауалнамада қолданушылар жоғарыдағы сұраққа жауап берген. Аталмыш ресурс алғашқы сауалнамасын 2011 жылы жасаған екен. Кейін анықталғандай, респонденттердің талғамы үш жыл ішінде айтарлықтай өзгерген. Сонымен назар аударайық.

2011 жылы қолданушылардың 35%-ы пайдалануға өте қолайлы деп диагоналі 3,99 дюймнен кем смартфонды таңдаған. 40,5% үшін 4 дюймнен 4,29 дюймге дейінгі өлшем дұрыс деп таңдалған. Ал 2014 жылы 3,99 дюймнен кем дегендердің үлесі 1,19% болса, 4”-4,49” аралығындағы өлшем 15,53% дауыс жинады. 4,5 дюймнан аса өлшемге ең көп 65% дауыс берілді. Байқағаныңыздай, үш жылдағы айырмашылық жер мен көктей. Бұл - өндірушілер үлкен экранды смартфондарды шығарған сайын, соған сай қолданушылардың да тәбеті ашыла беретінінің белгісі. Кезінде көзімізге планшет болып көрінген Galaxy Note смартфоны қазір аса үлкен сияқты болудан қалса, ал 4 дюймнан кіші құрылғылар біз үшін тым кішкенеге айналды. Сондай-ақ бұл тенденция планшеттер әлеміне де келіп жетті. Мысалы, 10 дюймды өлшемі бар планшеттер қазір ешкімді таңғалдырмайды.

Ал екінші жағынан қарағанда, аталған гаджеттерді өндірушілер өздерінің жаңа өнімдеріндегі дисплей өлшемін одан әрі қарай үлкейте алмайтындай күнге жететін уақыт та алыс емес. Қолданушылар күнделікті қолданатын қалтаға арналған құрылғылар үшін дисплейдің де шектеулі өлшемі болары анық. 

2014 жылы смартфондар үшін 5,5 дюйм стандартты өлшемге айналады деген болжам бар. Ал одан кейін оны тек әрі кетсе бір дюймге ұзартуы мүмкін. Себебі одан әрі қарай дисплей өлшемін ұлғайта беру, құрылғыны «смартфон» атынан айыруға алып келеді. Сондықтан көпшілік сарапшылар экран дюймы аталған өлшемнен әрі аспайды деп болжап отыр. 

2015 жылы орын алуы мүмкін кезекті қадам, бұл – майысқақ әрі жинақталатын дисплейлер (немесе смартфондар) болуы әбден мүмкін. Егер осы технологияны одан әрі жетілдіретін болса, онда смартфондарды шынымен де жинап, майыстырып, өзіміз қалаған формаға келтіріп барып қалтамызға сала алатын боламыз. Сондай-ақ өндірушілер смартфондар корпусындағы физикалық шектеулерді де жоя алатын еді.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: digitaltrends.com

Қосылған күні: 23 қаңтар 2014, 12:39

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.