Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Әлемдегі ең қауіпті киберқылмыскерлер

Әлемдегі ең қауіпті киберқылмыскерлер

Әлемдегі ең қауіпті киберқылмыскерлер

АҚШ-та жалпы саны 110 миллионға жуық банк карталарындағы мәліметтерді қолды қылған вирусты Санк-Петербургтік (немесе кей болжам бойынша басқа ресейлік қаладан да болуы ықтимал) жасөспірімнің (аты-жөні белгісіз) жасап шыққандығы белгілі болды.

Дәл осындай қорытындыға компьютерлер қауіпсіздігімен айналысатын «Интелкроулер» компаниясының мамандары келіп отыр. Іздеуді жеңілдеткен бір жағдай - вирустың кей кодтары орыс тілінде жазылғандығы болыпты. 

"Интелкроулер" мәліметінше, «Картоха» деп аталатын бағдарламаның (вирустың) авторы өз өнімінің 60-тан аса нұсқасын жасап, оны әртүрлі елдердегі киберқылмыскерлерге сатып үлгерсе де, өзі бұл шабуылға қатыспаған.

Естеріңізге салсақ, жақында АҚШ-та «Таргет» ірі сауда желісінің дүкендерінде өткен қысқы жеңілдіктер кезінде сауда жасауға асыққан миллиондаған америкалықтардың жеке мәліметтері ұрланғандығы жөнінде хабар тараған болатын.     

Орасан шығынға алып келген бағдарлама (вирус) банк карталарындағы ақпараттарды сауда жасау кезінде оқып, бірден көшіріп алып отырған. Одан бөлек, қылмыскерлердің қолына 70 миллиондай сатып алуышылардың жеке бас мәліметтері де түсіп үлгерген.

Негізінде бүгінгі таңда ресейлік хакерлерге кәсібилігі мен шеберлігі жағынан тең келетін қарсылас кемде-кем. Мысалы, америкалық ФТБ (Федералды тергеу бюросы) іздеуіндегі аса қауіпті киберқылмыскерлер ондығына кіретіндердің көпшілігі де осы Ресейден. Тіпті аталмыш бюро олардың орнын дәл анықтап, ұстауға көмек қолын созған адамдарға 50 мыңнан 100 мың долларға дейін сыйақы тағайындаған.

1

Сонымен, АҚШ-тың федералды тергеу бюросы жариялаған аса қауіпті он киберқылмыскердің көшін ресейлік азамат Алексей Белан бастап тұр.

Мекеме таратқан ақпарат бойынша, ол 2012 жылдың қаңтары мен 2013 жылдың сәуірі аралығында Невада мен Калифорния штаттарында орналасқан ірі онлайн-дүкендердің желісін сан мәрте бұзған. Хакер миллиондаған қолданушылардың жеке бас мәліметтері (оның ішінде құпия сөздер де) жинақталған аса үлкен базаға шабуыл жасады деп айыпталып отыр.

Өзінің ойын жүзеге асырғаннан кейін күдікті ұрланған ақпараттарды өз серверіне орналастырып, оны әлем бойынша өзі қажет деп тапқан хакерлерге сатып отырған көрінеді.

Бұл жігітке АҚШ аумағындағы екі штаттың соты тұтқындауға ордер берді: 12 қыркүйек күні Невадада және 6 маусымда Калифорнияда. ФТБ мәліметінше, қазіргі кезде хакер Ресей, Грекия, Латвия, Мальдив аралдарында немесе Таиландта жасырынып жүруі мүмкін.    

Беланнан бөлек, хакерлердің Топ 10 тізіміне Ресейден тағы үш азамат кіріп отыр.  

ФТБ ұстап берген адамға 50 мың доллар ұсынып отырған келесі бір хакердің есімі - Артем Семенов. Оған нәтижесінде америкалық банктердің есеп-шотынан 3 миллион доллар ұрлаған ұйымдасқан киберқылмыскерлердің тобында әрекет етті деген айып тағылған. Ал 2010 жылы Қазан университетінің студентін жалған құжаттар мен киберқылмыстық әрекет жасады деп айыптады.  

ФТБ Александр Бобневті ұстауға жәрдемдескен адамға да 50 мың доллар беруге әзір.  Оған да online-дүкендерді тонап және ақша бопсалады деген кінә тағылған. Тергеу бюросының іздеуінде Бобнев 2007 жылдың маусым және тамыз айлары аралығында АҚШ азаматтары есеп-шотынынан 350 мың долларды өзіне заңсыз түрде иемденді деп көрсетілген.

ФТБ іздеген аса қауіпті 10 киберқылмыскерлердің арасында тағы да бір ресейік Андрей Тааме атты азаматтың есімі бар. Тергеушілердің таққан айыбы бойынша, хакер нәтижесінде әлемнің 100-ден аса елдерінде 4 миллионнан аса компьютердің зардап шегуіне алып келген аса қауіпті вирусты таратқан. 2007 мен 2011 жылдар аралығында құрамына Тааме кірген хакерлер тобы таратқан қауіпті бағдарлама (вирус) кесірінен DNS өзгеріске ұшырап, соның салдарынан компьютерлер қылмыскерлердің серверіне қосылып, қолданушыларды тек хакерлер бұйырған сайттарға ғана лақтырып отырған.  

Осындай схема бойынша, киберқылмыскерлер интернет-трафиктерді өздері ұстап қалып, қауіпті жарнамаларды салып үлгерген екен. Сондай-ақ бұл вирус зардап шегуші адамдардың компьютерінде қондырылған антивирусты да оп-оңай істен шығарып отырған.   

ФТБ бар мәлімет бойынша, Тааме қазір Кипр немесе Ресейде болуы мүмкін.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: kolpinonews.ru

Қосылған күні: 23 қаңтар 2014, 12:11
Пікірлер
+0
23 қаңтар 2014, 16:13

Ресейліктер шет елдіктерден мықты деп ойламаппын

+0
24 қаңтар 2014, 03:08

Ұрлау, тонауды несіне сақтайды?

+0
24 қаңтар 2014, 03:11

Ұрлау, тонаудан мықты екен!
Неге дұрыс жақтан мықты болмайды?

+0
26 қаңтар 2014, 20:48

мммәәә саған мықты хаккерлер екен :) :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.