Автокөліктерге VIP мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің бағасы бекітілді

Автокөліктерге VIP мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің бағасы бекітілді

Қазақстан Республикасының ІІМ VIP нұсқадағы мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің бағасын нақтылап берді.  

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ІІМ әкімшілік полиция Комитетінің төрағасы Игорь Лепехтің сөзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сонымен егер сіз 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 888, 900 және 999 саны бар нөмір алуды шешсеңіз, онда қалтаңызды 253 724 теңгеге жұқартасыз.

Ал 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009 және 777 нөмірлері одан да қымбатырақ түседі  - 422 256 теңге.

Мекеме хабарлағандай, аталған бағалар бір айлық есептік көрсеткіш көлемінің өсуімен бекітілген. Айта кетейік, 2014 жылдан бастап ол 1852 теңгені құрады.

Алайда әлі күнге дейін елімізде VIP нөмірлерді ресми сатып ала алмайсыз. Себебі осыған сәйкес нормативтік актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі «Қазақстанның жол қозғалысы жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын» ҚР Сенаты мақұлдай қойған жоқ.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: tengrinews.kz

Б. Қосмағамбет