Sony Xperia Z1 Compact смартфоны таныстырылды

Sony Xperia Z1 Compact смартфоны таныстырылды

Sony компаниясы Android-смартфондардың арасында сирек кездесетін төрт дюймды көптен күткен Xperia Z1 Compact смартфонын таныстырды.

Xperia Z1 Compact құрылғысының ішінде екі гигабайт оперативті жадпен қатар қуатылығы 2,2 ГГц құрайтын, төрт ядролы Snapdragon 800 процессоры жұмыс жасайды. Қолданушы файлдар мен операциондық жүйе үшін флеш-жад 16 ГБ құрайды. Оны қосымша карта есебінен төрт есеге дейін ұлғайтуға болады.  

HD-дисплейінің диагоналі 4,3 дюймды құрайды және «Triluminos» сапалы матрицасы 1280 х 720 пиксель болады. Сондай-ақ Sony телефонда бұрынғы Xperia Z1 моделіндегі сияқты 20,7-мегапиксельді камерасын қалдырған. Ал өзіңізді екі мегапиксельді фронтальды камера көмегімен түсіре аласыз.

Жаңа құрлығыны автономды жұмыспен сыйымдылығы 2300 мА­*сағ болатын аккумулятор қамтамасыз етеді.   

Құрылғы шындығында өзінің «Compact» атына сай: аппарат корпусының биіктігі 127 мм болса, оның ені 64,9 мм, ал қалыңдығы 9,5 мм болады. Xperia Z1 Compact моделінің салмағы 137 граммды құрайды.

Әзірше жаңа телефон қорабында тек Android 4.3 Jelly Bean операциондық жүйесінің жұмыс жасайтыны жазылған, алайда компания оны жақын арада Android 4.4 KitKat жүйесіне дейін жақсартуды жоспарлап отыр. Одан бөлек, компанияның өз қолданушыларына жасаған тағы бір сыйы Xperia Z1 Compact смартфоны өзінің тумаласы «Z1» моделі сияқты су және тозаң өткізбейтіндей етіп жасалынған.

Хperia Z1 Compact смартфоны нарыққа алдағы айдың басында шығады деп жоспарланып отыр. Аппарат корпусы қызғылт, сары, лайм, қара және ақ түстерінде сатылмақ. Сондай-ақ смартфон Sony QX10 и QX100 камера-приставкаларымен бірге жұмыс жасау мүмкіндігіне де ие болып отыр. Ал оның бағасы жөнінде әзірге ақпарат жоқ.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: nextpowerup.com

Б. Қосмағамбет