Телефон ойындарын басқаруға арналған таптырмас құрал

Телефон ойындарын басқаруға арналған таптырмас құрал

Егер мобильді ойындарды ойнау сіздің ермегіңіз болса, алайда сенсорлы экран арқылы ондағы кейіпкерлерді басқарудан шаршаған болсаңыз, онда өлшемі жағынан (6,9х3,3х1,5 см) ықшам, кілтіңіздің жанында жүретін салпыншақ түрінде де қолдануға болатын, миниатюралық ойын басқарушысы iMpulse гаджеті сізге көмекке келе алады.

Ерекше гаджет iOS және Android операциондық жүйелерімен жұмыс жасай алатын смартфондар мен планшеттердегі ойындарды Bluetooth технологиясының көмегімен басқаруға мүмкіндік береді. Басқарушы құрал навигациялық тетік және басқаратын алты бірдей батырмамен жабдықталған. Литий-полимерлі аккумулятор оны 9 сағатқа дейінгі автономды жұмыспен қамтамасыз етсе, оның толық қуат алуына үш сағат уақыт кетеді.

iMpulse гаджетін ойын ойнаудан бөлек, мобильді құрылғыдағы камераны қашықтан тұрып басқаруға және де аудио ойнау кезінде дауысты реттеуге мүмкіндік береді.

iMpulse миниатюралық ойын басқарушысының бағасы 40 доллардай болады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: gizmodo.com

Б. Қосмағамбет