Facebook-тың басы тағы да дауға қалды

Facebook-тың басы тағы да дауға қалды

АҚШ-тың екі азаматы Facebook әлеуметтік желісінің үстінен сотқа арыз түсірді. Олар компанияны мақсатты жарнама үшін жеке хабарламаларымызды көшірді деп айыптап отыр.

Белгілі болғандай, қос азамат өз арыздарын Солтүстік Калифорнияның аймақтық сотына тапсырған екен. Арыз иелері саяси тақырыптарда блог жазатын арканзастық Мэттью Кэмпбелл мен Орегона тұрғыны Майкл Харли болып шықты. Дәлірек айтқанда, олар Facebook-ті жеке хаттарды сканерлеп, федералды заңдарды адамның жеке өміріне қол сұқты деп айыптады.  

Екі америкалық азаматтың пікірінше, аталған әлеуметтік желі жеке хаттарды мақсатты аудиторияны табу үшін жарнамаға қажетті механизм түрінде қолданған екен. Арызда көрсетілгендей, Facebook тек олардың ғана емес, басқа да қолданушылардың жеке хаттарына бас сұғып, кейін оларды жарнама берушілер мен маркетологтарға тапсыратын көрінеді.

Ал Facebook компаниясының өкілдері болса өздеріне тағылған айыпты негізсіз деп атап, ол жөнінде сотта дәлелдеп беруге уәде беріп отыр. Одан бөлек, өткен жылдың желтоқсан айында да компанияға қаржылық мәселелерге байланысты айып тағылған болатын.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: mirfactov.com

Б. Қосмағамбет