Жаңа дыбыс шығару құралы шықты (видео)

Жаңа дыбыс шығару құралы шықты (видео)

Адамдар көбіне музыка тыңдағанды ұнатады. Бірақ әр жанға әр қилы сәтте ыңғайлы болып келеді. Біреулер жолда, біреулер жаттығу кешенінде, енді біреулер жалғыз жүріп талғамындағы музыканы тыңдағанды қалайды. Көбіне мұндай сәттерде сізге құлаққап (наушник) көмекке келеді. Ал жақында осы құлаққапқа ұқсас жаңа гаджет ойлап табылды.


Көп адамдар құлаққаптың зиян екенін біледі. Сондықтан музыка әуенінің даусы ашық түрде алып жүріп тыңдағанды жөн санайды. Алайда ол жаныңдағы адамдарға кедергі келтіруі мүмкін. Ал бүгін таныстырғалы отырған құрылғымыз демалыс немесе жаттығу кезінде пайдалануға ыңғайлы болып келеді. Мұны құлаққаптың бір түрі десек те болады. Бірақ құлаққа тағылмайды...

Құлаққапқа ұқсас болып келетін бұл гаджет кез келген жерде алып жүруге ыңғайлы саналып отыр. Жоғарғы сапалы динамиктермен жабдықталған құрылғы сүйікті әуеніңізді ашық та сапалы жеткізеді. Cонымен қатар, құрылғыларды бір-біріне онға жуығын жалғау арқылы нағыз стерео эффекттің де құдіретін сезінуге мүмкіндігіңіз бар. Гаджет арқылы смартфоныңызды да басқара аласыз. Ал бұл құлаққаптың ерекше түрінің жібі де берік көрінеді. Созылмалы болып келетін бауы сіздің қажетіңізше ыңғайлы бола алады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ikpik.ru

Ө. Сансызбай