LG ұсынған Pocket Photo 2 қалта принтері

LG ұсынған Pocket Photo 2 қалта принтері

Оңтүстік кореялық LG компаниясы смартфондар мен басқа да мобильді құрылғылардың иелері үшін кез келген жерде, кез келген уақытта суреттерді шұғыл шығаруға арналған Pocket Photo шағын принтерінің екінші буынын жарыққа шығарғанын хабарлады.

Жаңа гаджет 7 қаңтар күні CES 2014 көрмесінде көпшіліктің назарына ұсынылады деп күтілуде. Pocket Photo 2 шағын принтері үш түрлі: алқызыл, ақ және лайм түстерінде жарық көрмек. Принтер әлемдік нарыққа 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында шықса, ал отандық дүкендерге одан сәл ертерек сатыла бастайды.

1

Pocket Photo 2 бірінші нұсқасымен салыстырғанда, едәуір жұқарған, аккумуляторы да жақсарып, енді ол алған қуатымен бірден 30 суретке дейін шығара алады. Сапасы бір дюймге 600 нүктеден келеді.  

Принтер NFC және Bluetooth сияқты сымсыз байланыс технологияларын қолдай отырып, Android, iOS және Windows 8 операциондық жүйелерімен жұмыс жасай алады. Ал егер сіздің құрылғыңызда Android орналасқан болса, онда Pocket Photo фоторедакторын тегін қолдана аласыз.

Pocket Photo 2 басып шығару процесіне кәдімгі картридж немесе тонерді емес, фотосуретте жазбасы басылатын жаңа Zink технологиясын қолданады. Өндіруші компания хабарлағандай, жаңа технологиядан туған фотосурет уақыттың өтуімен (басқа кәдімгі суреттер сияқты) ескірмейтін болады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: pocket-lint.com

Б. Қосмағамбет