Google мен Reuters 2013 жылдың басты оқиғаларын арнайы бейнероликте жариялады

Google мен Reuters 2013 жылдың басты оқиғаларын арнайы бейнероликте жариялады

«Рейтер» ақпараттық агенттігінің фотографтары 2013 жылдың басты оқиғалары түсірілген фотокадрлардан құралған қызықты видеоролик жариялады.

Онда соғыс пен бейбіт өмір көріністері де, спортшылардың жеткен жетістіктері мен өкіну сәттері, жылдың басты технологиялық жаңалықтары мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі наразылық шаралары, керемет өмір мен аштық құрбандары бәрі бәрі осы бір үш минуттық бейнероликте көрсетілген.     

«Рейтер» алып әлемдік ақпараттық агенттігі оқиға орнынан түсірілген жоғары сапалы фотосуреттерді бүкіләлемдік Интернет желісі арқылы оперативті түрде жариялап, жаңалықтарын өз қолданушыларымен ең бірінші болып бөлісіп келеді.  

Дәл осындай «жылдық есепті» алып корпорация Google да жасаған. «Zeitgeist» («Уақыт рухы») деп аталған бейнероликте өтіп бара жатқан жылды ең көп ізделінген сөздер арқылы берген екен. Бұл жерден сіз Нельсон Манделаны да, Солтүстік Кореяны да, Бостондағы марафон кезінде орын алған терорлық шабуылды да, PlayStation 4 пен iPhone 5S-ті де көре аласыз. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: youtube.com

Б. Қосмағамбет