2 000 долларлық люкс смартфон

2 000 долларлық люкс смартфон

Люкс мобильді телефондарды шығарумен айналысатын Gresso бренді қалтасында артық 2 000 (немесе одан да көбірек) доллар ақшасы бар тұтынушыларға арнап өзінің тұңғыш Android смартфонын жасап шықты.

Gresso Radical корпусы титан тұтас металлынан (аэроғарыш өндісінде кеңенін таралған бесінші класстағы титан) жасалған. Оған мүмкіндігі 4,5 дюймды (960 x 540) дисплей және жиілігі 1,2 гигагерц болатын төрт ядролы процессор орнатылған. Байқағаныңыздай, аппараттың мінездемелері аса жоғары емес. Оған себеп мұндай типтегі смартфондар үшін оның орны дизайнынан әлдеқайда төменірек болатындығында.

1

Бұл жерде басты орын оның дизайнына, жасалыну сапасына, материалына және тағы да басқа сәндік детальдарына беріледі. Солардың бірі экранның астыңғы жағында орналасқан сенсорлы батырмалар болып отыр. Олар да телефон корпусы сияқты титаннан (компания хабарлағандай, мұндай техника смартфон өндірісінде тұңғыш рет қолданылып отыр) құйылған.  

Құрылғы 220 грамм салмақ тартады. Смартфон сатып алушыларға үш түрлі нұсқада ұсынылады.  

2

Титан логотипі бар Gresso Radical R1 нұсқасы 1800 доллар тұрса,  18 караттық сары алтыннан құйылған Radical R2 смартфоны 2300 доллар тұрады. Ал үшінші және ең қымбат Radicial R3 моделінің логотипі 18 караттық ақ алтынмен апталған.  

Одан бөлек, смартфонның 8 мегапиксельді камерасы, 36 ГБ ішкі жады, екі SIM-карталары үшін арнайы орны бар. Операциондық жүйе ретінде ол кең таралған Android 4.1.2 Jelly Bean нұсқасымен жұмыс жасайды.

Айта кетейік, Gresso Radical нарыққа өте аз данамен сатылымға шығып отыр. Люкс классындағы мобильді құрылғының тек 999 данасы ғана ресми саудаға түсті. Смартфонды Интернет арқылы сатып алғыңыз келсе, сізге ол тегін жеткізілуі мүмкін. Сондықтан егер сіз аталған телефонға қызығушылық танытып отырсаңыз, оған бірден тапсырыс бергеніңіз жөн. Себебі смартфондар саны шектеулі!

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: gresso.com

 

 

Б. Қосмағамбет