Чак Норис vs Ван Дамм

Чак Норис vs Ван Дамм

Youtube видеоқызметіндегі Жан Клод Ван Даммның "эпикалық шпагаты" аталған ресурстағы ең танымал видеолар қатарына еніп отыр. Бұл жарнамалық роликке әлемнің әр түкпірінен көптеген пародиялар да түсірілген еді. Солардың ішіндегі ең сәтті шыққаны деп Чак Норристің «қатысуымен» болған роликті айтсақ болады. Жаңа видео жарияланғанына екі күн бола сала, 4 миллионнан аса көріліп үлгерген.

Шыны керек, аталған роликке Чак Нористің өзі қатыспаған. Оның бейнесі тек аннимациялық түрде беріліп, жалпы ролик те осы нұсқада жарыққа шығып отыр. Чак Норис Ван Дамм жасаған трюкті «Вольвоның» емес, қос «Боинг» ұшағының қанатында тұрып қайталайды. Ал актердің басында тұрған әскери адамдар ерекше жаңажылдық құттықтау жасайды. Ролик фантастикалық жанрда болғанымен, сәтті шыққанына еш күмән жоқ. Ал біз ендігі кезекте Ван Дамм мен Чак Нористің арасындағы жекпе-жекті тамашалау мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Бұл жолы атыс-шабыс фильмінде емес, көрілім мен лайк саны бойынша Youtube ресурсының алаңында.   

   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: kino.oper.ru

Б. Қосмағамбет