Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / 2К форматындағы тұңғыш Xplay 3S смартфоны жарыққа шықты

2К форматындағы тұңғыш Xplay 3S смартфоны жарыққа шықты

2К форматындағы тұңғыш Xplay 3S смартфоны жарыққа шықты

Vivo брендімен ұялы құрылғылар шығарумен айналысатын Қытайдың BBK Electronics атты компаниясы әлемде тұңғыш рет 2К форматында жұмыс жасайтын (2560x1440 нүктелі) Xplay 3S смартфонын таныстырды.

Сенсорлы экранының диагоналі 5,7 дюймды құраса, дюймге пиксель саны (ррi) 490 болады. Салыстырмалы түрде айта кетер болсақ, жақында сатылымға шыққан iPhone 5s смартфоны 1136х640 пиксельді, ал ррi саны 326-ға тең болатын. Осылайша Xplay 3S смартфоны iPhone 5s-тен 1,5 есеге асып түсіп отыр.

1

Жаңа девайс төрт ядролы Snapdragon 800 процессорымен жұмыс жасайды. Оперативті жады 3 Гбайтты құрайды. Мобильді телефон LTE, сондай-ақ GSM 850/900/1800/1900 МГц пен WCDMA 850/1900/2100 МГц желілерінде де жұмыс атқарады.

Xplay 3S жаңа моделі 13 мегапиксельді негізгі және 5 мегапиксельді фронтальды камераларына ие. Флеш жады 32 Гб дейінгі ақпаратты сақтай алады. Габариттері — 158,2x82,59x8,68 мм құраса, салмағы 172 грамм. Аккумулятор сыйымдылығы 3200 мАсағ.

Смартфон операциондық жүйе ретінде Android 4.3 нұсқасын қолданады. Жаңа өнім нарыққа 740 доллар шамасындағы бағамен сатылымға түспек.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: 3dnews.ru

Қосылған күні: 19 желтоқсан 2013, 18:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.