LG Gx смартфонымен таныс болыңыз...

LG Gx смартфонымен таныс болыңыз...

Кореялық LG компаниясы 5,5-дюймды, 1920х1080 пиксельді жаңа LG Gx Android-смартфонының жарыққа шыққандығын жар салды.

Девайстың «миы» қызметін Qualcomm Snapdragon 600 процессоры атқаратын болады. Одан бөлек ол 2 ГБ оперативті және 32 ГБ флеш-жадтарымен жабдықталған. Смартфонда 2 мегапиксельді фронтальды және 13 МП негізгі камералар орналасқан.

Гаджет LG-дің өзіне тән интерфейсі бар Android Jelly Bean операциондық жүйесімен жұмыс жасайды.  

Құрылғы Bluetooth 4.0 және NFC сымсыз байланыс технологияларымен, сондай-ақ 4G LTE жоғары жылдамдықтағы сымсыз интернетпен де оңай үйлеседі. Жаңа смартфонның өлшемдері 150,6х76,1х9,2 мм құраса, салмағы 167 грамм тартады. Аккумуляторының сыйымдылығы 3140 мА/сағ болады.

Әзірге LG Gx смартфонының бағасы және оның қашан жарыққа шығатындығы жөнінде ақпарат жоқ. Сіздерге оны алдағы уақытта қосымша хабарлайтын боламыз.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: androidcentral.com

Б. Қосмағамбет