Жаңа жылға сыйлық: дизайнерлік сағаттар

Жаңа жылға сыйлық: дизайнерлік сағаттар

Жаңа жыл да жақындап қалды, жақындарымыз бен туыстарымызға сапалы сыйлық алуды қолға ала бастайтын уақыт келді. Жылы сөз бен мақта қапқа оранған сыйлықпен құтылып кетуге болар, әрине, бірақ, бағытталған жанның бағасын беретін, қадір-қасиетін арттыратын сыйлық сатып алған дұрыс. Назарларыңызға сүйікті жандарға арналған сүйкімді сағаттар:

AARK өнімі архитектуралық көп қабат-қыртыстан, әрбір бөлігі геометриялық картинадан тұрады. AARK Collective сағатының бағасы - 28 000 теңге. 

Қымбат сағаттардың түр-пішінін көшірмейтін Cheapo өз жеке топтамаларын ұсынады. Cheapo сағатының бағасы - 8 000 теңге. 

Италияндық Nava Design бренді дизайнерлерге, суретшілерге, сәулетшілерге тамаша тарту болар еді. Керемет минуттардың әрбір қас-қағым сәттері назарда болсын десеңіз, Nava Design сағатын сатып алыңыз. Бағасы - 20 000 теңге. 

Slip қол сағатын Эван Клэботс ойлап шығарған. Эстетикалық рақатқа бөлейтін өнімді 30 000 теңгеге сатып ала аласыз. 

VOID Watches сағатының бағасы - 28 000 теңге. 

Қалта сағаты көп жандарға керемет сый болар еді. MMT Watches сағатының бағасы - 20 000 теңге. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: kulturologia.ru

Л. Лига