"Valkyrie" атты адам тәріздес құлтемір жасалды

"Valkyrie" атты адам тәріздес құлтемір жасалды

АҚШ-тағы Линдон Джонсон атындағы Ұлттық ғарыш агенттігі DARPA Robotics Challenge құлтемірлі техникалар байқауына орай, "Valkyrie" атты құлтемір жасап шығарды. Жаңа құлтемірді жер бетіндегі әртүрлі тапсырмалар орындауда пайдалануға болады. Valkyrie құлтемірінің құрылымы, модульді жүйесі адам тәрізді. Айта кетер бір жағдай, құлтемір жұмыс жасап болған кезде ескі құрылымдық бөлігін тез алмастыруға болады. ATLAS құлтеміріне қарағанда арнайы дайындалған DARPA өнімінің жаңа аккумуляторы жақсы жұмыс жасайды. Құлтемір соғұрлым дербес, жаңа технология жетістігімен жабдықталған. Бойы - 1, 9 метр, салмағы - 125 кг. Жаңа құлтемірге сенсорлы құрылғы орнатылып, камерасы басына бекітілген. 

Valkyrie (сурет+видео):

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: 24gadget.ru

Ш. Талап