Шолу: Nokia X2-01

Шолу: Nokia X2-01

Достар, бүгін біз Nokia X2-01 телефонына шолу жасаймыз. 

Нокиа Х2-01 телефонының техникалық мінездемесі:

Шығарылған жылы: 2010 жыл
Стандарт: GSM 850, GSM 900, GSM 1800, GSM 1900
Платформасы: Series 40 6th Edition
Ұзындығы: 119.4 мм
Ені: 59.8 мм
Жуандығы: 14.3 мм
Салмағы: 107.5 г
Батарея түрі: Li-ion (BL-5C)
Сыйымдылығы: 1020 mAh
Сөйлесу ұзақтығы: 4.5 сағат

Symbian S60 операциялық жүйесінде жұмыс істейтін Nokia X2-01 телефоны алғашқы сенсорлы смартфондарға ұқсайды. Қарапайым бола тұра, өте әдемі көрінетін Nokia X2-01-дің дизайны асқан талғаммен жасалған. Қолға ұстағанда да өте ыңғайлы. Әрбір детальдары бір-бірімен үйлесім тауып, осы телефонды ерекшелейді. Түрлі сынақтардан кейін, телефон қуаты орта есеппен 1-2 күнге дейін жетеді деген қорытынды шығарылды. Бұл уақыт ішінде 2 сағаттық бейнебаян көріп, сурет қарап, Ғаламтормен жұмыс істеп, электронды поштадан хат оқып, хат жіберуге болады. Батареяны толық зарядтап біту үшін 1 сағат уақыт кетеді. 600 МГц жиілік пен 128 мб жадта қызмет атқаратын ARM 11 процессоры кез келген заманауи қосымшалармен жұмыс істей алады. Сол себептен, телефон тұтынушысы хабар алмасу жылдамдығында қиындыққа тап болмайды. ММС жіберу қызметі де қарастырылған. 

СМС хаттар жазып, электронды поштадан хат жіберіп, Ғаламтор ресурстарын пайдалану үшін Nokia X2-01 ыңғайлы QWERTY-пернетақтасымен жабдықталған. Телефонның ұтымды тұсы да осы пернетақтасы шығар. Телефонмен бірге MicroSD жады бар. Флешкасы 8 Гб жадты көтере алады. Дауыс жазу функцияларын да жақсы атқарады. Мультимедиялық функциялары барынша ұқыпты түрде қарастырылған: MP3, AAC, eAAC, eAAC+ и WMA форматтарындағы файлдарды тыңдауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, тұтынушылар MPEG-4, 3GPP бейнебаяндарын көре алады. Барынша күшті шығатын музыкалық файлдардың таза дыбысы музыканы сүйетін әрқайсымызға бұл телефонды қорықпай таңдай беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, телефонда әлеуметтік желілермен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылғандықтан, YouTube желісінен де бейнебаян тамашалауға болады. 

Қолданушылар пікірі

Телефонның тиімді тұсы:

Бағасы арзан, дизайны әдемі, сырт көзге қымбат көрінеді. Дыбысы қатты шығады, сөйлескенде жақсы естіледі. Музыканы көп тыңдайтын жандарға арналған телефон. Хат алмасу қызметі жылдам жүреді. Жастарға арналған телефон деген екінші аты бар.

Телефонның кемшін тұсы:

Экраны шағындау, пернетақтаның әріптері кішкентай, сондықтан, көбіне қайта теріп отыру керек болады. Кішкентай батырмалардан үйреніп кеткенше шатасып қаласың. Камерасының сапасы төмен. Юзб шнуры қысқа.

М. Оңғарова