Смартфон арқылы есікті ашуға болады (видео)

Смартфон арқылы есікті ашуға болады (видео)

Сатылымға кілті жоқ Kevo есік құлыптары шыға бастады. Кілті жоқ деуіміздің себебі, есік құлпын ашып жабу қызметін қалтаңыздағы смартфондар атқармақ.

Жаңа құлыпты пайдалану үшін, арнайы бағдарламаны (Android, Windows Phone және Blackberry жүйелерінде) смартфоныңызға орнатып, Bluetooth-ды қосып қойсаңыз болғаны. Содан соң үйге келіп, құлыпты қолмен түртсеңіз, бағдарлама көмегі арқылы есігіңіз айқара ашылады. Осыған дейін мұндай жаңалықтар ашылғанымен, арнайы бағдарлама өз жемісін бермеген еді. Ал бұл  Kevo есік құлыптарының бағдарламалары барлық талапқа сай жасалып отыр. Тек бір тиімсіздеу тұсы, смартфоныңыздың қуаты таусылып, немесе жоғалып қалса есік құлыбы ашылмайды. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: buro247.ru

О. Сансызбай