2017 жылы смартфондар адамнан ақылды болады

2017 жылы смартфондар адамнан ақылды болады

Төрт жылдан соң ұялы байланыс құралдары саналатын смартфондар адамнан ақылды болмақ. Бұл туралы арнайы тәжірибе жүргізген Gartner агентігінің вице-президенті Каролина Миланези айтып отыр.

Тәжірибе жұмыстарының қорытындысы бойынша, 4 жылдан кейін смартфондар адамзат баласының бар қажеттілігін, кез келген тығырықтан алып шыға алатын көмекшісіне айналады. Қазіргі таңның өзінде ұялы байланыс құралдары бұл қызметтің алғашқы қадамдарын жасап үлгерген көрінеді. Мәселен, мұның басты көрінісі - карта арқылы өзіңнің қайда жүргеніңді, қалаған барар жолыңды дәл көрсетіп беруімен байланыстырылуда. Gartner агентігінің мәлімдеуінше, адам қиялына сия бермейтін бағдарламалармен толықпақ. Сол арқылы смартфондар бір күніңнің толық жоспарыңдағы істер мен оны қалай жүзеге асырудың жолдарын дайындап бере алатын күшке ие бола алмақ. Сонымен қатар жауапты бір кездесуге кешігіп бара жатсаңыз, күтіп қалған қонақтарға адам еркінен тыс автоматты түрде хабарлама жіберіп, смартфоныңыз кешірім сұрайтын болады. Өзіңе қажетті дүние туралы смартфонға нұсқау берсең, сауда жасауға да бейім болатын көрінеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: nokia-love.ru

Ө. Сансызбай