Қазақстандық пернетақта жобасының авторы - екі студент

Қазақстандық пернетақта жобасының авторы - екі студент

Техникалық жетістіктеріміз тағы бір құрылғыға толықты. Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 3 курсында оқитын екі студент қазақстандық пернетақтаның жобасын жасап, құрылғыға патент алды.

Ерғали Адамбаев пен Диас Жүнісбековтың ойлап тапқан пернетақтасының көмегімен тілдерді ауыстырмай орыс және қазақ қаріптерімен бір уақытта мәтінді теруге болады. Құрылғыға "ұлттық пернетақта" деген атауды берген жоба авторларының пайымдауынша, отандық өнімнің көмегімен мәтін теру жылдамдығын мейлінше көбейтуге мүмкіндік береді. "Бізге бұл жобаны жүзеге асыру идеясы өткен жылдың қараша айында келген болатын. Біздер көптеген нұсқаларды қарастырып, ішінен ең тиімдісін таңдаған болатынбыз. Ақырында біздің мұғаліміміздің  көмегі арқасында, пернетақтаға қосымша жетіспейтін әріптерді қосу шешімі қабылданды",- деді Жүнісбеков өз сөзінде.

Жоба авторларының пайымдауынша, олардың басты мақсаты пернетақтаның өлшемдерін ауыстыру емес, жетіспейтін қазақ әріптерін қосып, мәтін теру жылдамдығын үлкейту болды. "Пернетақтамыздың тіл бұғаттауында екі қаріп бар: ағылшын, қазақстандық (қазақ әріптері қосылған кириллица).

"Бізге үлкен қолдауды университет көрсетті! Мамыр айында саудаға түсетін пернетақталардың бірінші партиясын шығаруға кеткен шығынды университет президенті өз мойнына алды. Бұған қоса, алғашқы мың құрылғының 300-ін біздің студенттерге сатып алып, олардың көмегімен құрылғыларды сынақтан өткізетін боламыз. Келесі партияда барлық толықтыруларды ескеріп, оны саудаға үлкен компьтер дүкендеріне таратамыз"- деді Жүнісбеков.

"Ұлттық пернетақта" саудаға AdamSky сауда белгісімен шығып, 1500-2000 теңгеге сатылатын болады. Құрылғылардың өндірісін Қытайдағы зауыттардың бірі өз мойнына алған. Олармен келісім-шарт жүргізілген. Пернетақтаның дизайны стандартты болмақ: ақ не қара түсті. Бірақ, өнертапқыштар түрлі-түсті пернетақталардың өндірісі жайлы да сөз етті.

Ерғали Адамбаев пен Диас Жүнісбеков

Суреттер: tengrinewskz