Massaget.kz-тегі 4 өзгеріс

Massaget.kz-тегі 4 өзгеріс

Massaget.kz порталының оқырмандары! Порталда пайда болған оң өзгерістер туралы айтып өтейік. 

Бірінші жаңалық: Порталымыздың әлеуметтік желілердегі аккаунттарына апаратын тетік орнатылды. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазыла отырыңыздар! Біз сіздермен барлық жерде байланысқа шығамыз!

Екінші жаңалық: Порталымыздағы хабар алмасу тетігі толықтай жасалып бітті. Енді профиліңіздегі хабарламалар арқылы достарыңызбен хат алмаса аласыз. 

Үшінші жаңалық: Бұған дейін "Білім" айдарының ішінде айдарша болып келген "I-дос" оқырман сұранысына сәйкес, бөлек айдар ретінде шығарылды. 

Төртінші жаңалық: Бұған дейін тек жазбаларда ғана болған "ұнады", "ұнамады" белгісі енді пікірлерге де қойылды. Ұнаған пікірге "ұнадыны", ұнамаған пікірге "ұнамадыны" баса аласыз. 

Бұдан басқа да біраз жағымды жаңалықтар мен оң өзгерістер әзірлеп отырмыз. Алда іске қосатын боламыз. Сұрақтарыңыз болса, осы жазбаның астына пікір ретінде қалдырып, не форумдағы "Шағымдар мен ұсыныстар кітабына" жаза аласыз. 

Құрметпен: Массагетіңіз

М. Оңғарова