Қоқыс лақтырғаныңыз үшін алғыс аласыз

Қоқыс лақтырғаныңыз үшін алғыс аласыз

Назарбаев Университеті еліміздегі жаңа технологиялар мен инновациялық жобалар ордасы екені белгілі. Жақында бұл оқу орнында "Ақылды қоқыс жәшігі" атты эко-инновациялық жоба пайда болды.

"Ақылды қоқыс жәшігінің" авторы – жас ғалым Диас Тастанбеков. Жәшік ішіне қоқыс тастаған адамға экологияға тигізген пайдасы үшін "рақмет" деп алғысын білдіреді екен. Диастың айтуынша, бұл құрылғының еш қиындығы жоқ, ол осыған дейін белгілі бөліктерден құрастырылды. Диас шет елде бұндай қоқыс жәшіктері баяғыдан бар екендігін айтады. Жас ғалым құрылғыны жинаудың еш қиындығы жоқ дейді.

Сыртынан қарағанда қоқыс жәшігінің қарапайым түрінен еш айырмашылығы жоқ. Ал ішіне бекітілген ультра дыбыс сезгіш құрылғы қоқыстың ішіне түскенін сезіп, қарапайым мп-3 плеер мен динамик арқылы сізге алғысын білдіреді. 

Диас бұл жоба қала тұрғындарын қоқысты жәшікке лақтыруға ынталандырады деп есептейді. Ол бірінші кезек мұндай жәшіктерді оқу орындары мен мектептерге орнатып, жас ұрпақты тазалыққа тәрбиелеу керек дейді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: tengrinews.kz/tv, zyalt.livejournal.com

С. А