"Samsung" 13 мегапиксельді бейнекамера шығарды

"Samsung" 13 мегапиксельді бейнекамера шығарды

"Samsung" компаниясы ұялы телефондардағы бейнекамера күшін күшейтті. Енді сіз сандық фотоппараттан еш кем түспейтін 13 мегапиксельді бейнекамерамен суретке түсіре аласыз. Мұндай мәліметті Tech-On хабарлап отыр. Бейнекамераның тағы бір ерекшелігі – ол, тіпті, 1,5 градустағы бұрыштық кемшілікті түзете алады. Естеріңізде болса, бұрын тек 0,7 градуста ғана қалыпқа келтіру мүмкіндігін тудыра алатын.

Жаңа құрал қараңғы, жарық аз түскен аймақта да суретті сапалы ету мүмкіндігіне ие. Өйткені, алдыңғы бейнекамералардан жарық түсіру 8 есе көбейген. Оңтүстік кореялық өндірушілердің айтуы бойынша, бейнекамера аз мөлшердегі қуатты ғана қажет етеді. Бұл оның тағы бір ерекшелігі болса керек.

Дайындаған: Гүлжан Серік

Сурет: s4galaxy.ru 

М. Оңғарова