Ноутбук атадан балаға мирас болып қалады

Ноутбук атадан балаға мирас болып қалады

Суретші әрі дизайнер Ричард Нейджи стимпанк стиліндегі жаңа ноутбук ойлап шығарды. Бұл ноутбук өзінің Intel процессорының, 8 гигабайт оперативті жадының, пикселі 1920 х 1080 болатын 17-дюймдік экранымен ерекшеленеді. Бірінші кезекте стимпанк стиліндегі корпусымен көзге түседі. Ноутбукті ең алғаш көрген кезде қақпағын ашқанда әуен ойнайтын қобдиша еске түседі.


Жапқышының бетіне арнайы зергерлерге барып суреттер салдыруға болады. Иесі ноутбукті жасауға арналған ағашты өзі таңдайды.


Флеш картасы қобдишаны ашуға арналған кілтке ұқсатылып жасалады. Әзірге Windows платформасында жұмыс жасай алатын үлгісі дайындалған. Дизайнінде ескі мен жаңаны түйістіре білген ноутбуктың құны 5500 доллардан басталып, 7500 долларға дейін барады. Бағасы жағынан басқа компанияларды артта қалдыратыны сөзсіз. Алайда Ричард Нейджи бағасының қымбаттылығын атадан балаға мирас болып қалатын бұйым ретінде жасап жатқандығымен байланыстырады. Әдетте мұндай заттар уақыт өте келе арзандаудың орнына қымбаттай түседі.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай