Ғарышқа әуе шары арқылы саяхаттаңыз!

Ғарышқа әуе шары арқылы саяхаттаңыз!

Жыл өткен сайын ғаламдық технологиялар қарыштап дамып келеді. Соның арқасында адамзат баласының мүмкіндіктері де кеңейе түсуде. Енді Paragon Space Development Corp компаниясы ұсынған  World View  жобасы арқылы ғарышқа әуе шары арқылы да саяхат жасай алатын боламыз.

World View жобасы 2016 жылы жүйелі түрде жүзеге аспақ. Әуе шары арқылы ғарышқа ұшып, арнайы қорапша тәріздес кабинадан әлемді көзіңізбен тамашалауға мүмкіндік тумақ. Үш сағатқа дейін созылатын саяхат кезінде ешқандай да сканфандр мен арнайы құралдарсыз ғаламның ғажайыптарын көруге болады.

Ғарыштық әуе шары 30 мың метр биіктікке 90 минутта көтеріле алады екен. Бұндай биіктіктен жер шарын төменгі бөлігін толығымен және ғарыш кеңістігін анық аңғара аласыз. Сонымен қатар, кабинаға 8 адамға дейін жайғаса алады. Ал Жерге қону уақыты 40 минутты құрамақ.

World View жобасының атқарушы директоры Табер Мак-Каллумның айтуы бойынша, әуе шары арқылы ғарышқа ұшу 75 мың АҚШ долларын құрайды. Жобаның алғашқы сынақтары осы жылы басталса, желтоқсан айының соңына қарай билеттерді сату да жолға қойылуда. Компания бұл жобасының алғашқы жылында 23,5 миллион доллар табыс табуды жоспарлап отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: style.rbc.ru

Ө. Сансызбай