Nokia-дан компьютер-білезік (видео)

Nokia-дан компьютер-білезік (видео)

Күнбе-күн IT-компаниялар жаңа өнертабыстарымен қуантуда. Осы ретте Nokia мамандары жұртшылық назарын өзіне аударып отыр - олар компьютер-білезік (браслет) ойлап тауыпты. 

Жаңа гаджет білезіктің үзбесіне жалғанған алты бірдей алмалы-салмалы дисплейден тұрады. Оның сенсорлы экраны сурет көруге, мессенджерде қарым-қатынас орнатуға, хабарламалармен жұмыс жасауға және өзге де көптеген пайдалы әрі орнықты істермен айналысуға мүмкіндік береді.

Әзірге мамандардың қолында сенсорлы экранды білезіктің нұсқасы ғана бар. Алайда, аз уақыттан соң мұндай девайс дүкен-дүңгершектерден көрініп қалуы мүмкін: Nokia қызметкерлері бүгінде бір бүтін гаджетті құжаттап алумен (патенттеп) айналысуда. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: linuxidc.com

Л. Лига