«ARROW460 Granturismo» яхтасы таныстырылды

«ARROW460 Granturismo» яхтасы таныстырылды

Mercedes Benz Style мен британдық Silver Arrow Marine компаниялары біріге отырып «ARROW460 Granturismo» яхтасын жасап шығарды. Өткен жылы осы компаниялар Монакода өткен яхталар шоуында ARROW460 Granturismo яхтасын таныстырған еді. Көпшілік назарына бір жыл өткен соң осы яхтаның ең соңғы үздік үлгісін ұсынды.


ARROW460 Granturismo моторлы яхтасының дизайны Mercedes Benz көліктеріне ұқсатып жасалған. Іші былғарыдан тігілген жиһаздармен, эвкалипт ағашынан жасалған бұйымдармен безендірілген. Мұнымен қатар, hi-tech материалдар, теледидар, салқындатқыш, мини-бар, тамаша көрініс сыйлайтын терезелері бар.

ARROW460 Granturismo қыдыруға барынша қолайлы етіп жабдықталған.

Оның ұзындығы - 14 метр. Ені - 3,97 метр.  13,63 тоннаға дейін жүк тасымалдай алады. Бортына 10 адам емін-еркін жайғаса алады. Бұл яхтаның 960 ат күшіне тең келетін екі қозғалтқышы бар.

ARROW460 Granturismo моторлы яхтасы небары 10 дана болып шығады. Құны - 1 688 000 АҚШ доллары. Тапсырыс берем деушілер оны 2015 жылдың басында ала алады. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай