Босния және Герцеговинада ұшқыш көлік жасалды

Босния және Герцеговинада ұшқыш көлік жасалды

Босния және Герцеговина елінің дизайнері Штефан Кляйн Aeromobil атты ұшқыш көлік жасап шықты. Апараттың қозғалатын қанаттары бар.

Ал 100 аттың күші бар Rotax 912 қозғалтқышы көліктің барынша үлкен жылдамдықты бағындыруына мүмкіндік жасайды. Бұл қозғалтқыштың су желдеткіші пропеллер мен дөңгелектерді іске қосады екен.

Егер көлік жүргізушісі ұшқышқа айналғысы келсе, ол берілістер қорапшасында арнайы қондырылған тағы бір қызметіне ауыстырады, бұдан кейін қанаттарын жаюға арналған батырманы басады. Aeromobil жылдамдығы сағатына 200 шақырымды құрайды, ал жанармай болса 700 шақырымға дейін жетеді.  

Босниялық аэромобильдің салмағы 450 келіні құрайды. Ал оның қанаттарының ұзындығы 8,2 метрге жетеді. Ал оны жасаушы маман мұндай үлкен габаритті көліктің қарапайым көлік тұрағына қалай сиып кететіндігін төмендегі видеодан көріп, тамашалауға шақырады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: furfurmag.ru

А. Құлтай