Sony Xperia Z1f — шағын экранды Android-смартфон

Sony Xperia Z1f — шағын экранды Android-смартфон

Бәрімізге белгілі, соңғы кезде Android-смартфондарын өндірушілер өзара экран өлшемдерінің арасында жарыс өткізіп жатқандай. Осыған байланысты бүгін олардың арасынан дисплей өлшемі 4,7 дюймнан кіші болатын модельді табу мүмкін емес іске айналып та үлгерді. 

Алайда Sony корпорациясы бұл жағдайды өзгертуге шындап бел буған сияқты. Ол жақында жапон нарығына Sony Xperia Z1 моделінің 5-дюймды флагманының қасиеттерін бойына жинаған, бірақ экран диагоналі 4,3 дюймды құрайтын Xperia Z1f Android-смартфонын шығарды. 

Sony Xperia Z1f 2,2 гигагерцті, төртядролы Qualcomm Snapdragon 800 процессорымен жабдықталып, сондай-ақ 2 ГБ оперативті және 16 ГБ флеш-жадтарына, су өткізбейтін корпусқа ие болды. Ал смартфонның ең басты жетістігі онда 20,7 мегапиксельді камераның орналасуы болып отыр. 

Одан бөлек, бұл гаджетте бұрынғы модельге қарағанда экран өлшемінен бөлек оның мүмкіндігі де едәуір азайған. Ол енді 1280х720 пиксельді құрап отыр (Sony Xperia Z1 моделінде 1920х1080 пиксель болған еді). Ал аккумулятор сыйымдылығы 2300 мА/сағ (Sony Xperia Z1 - 3000 мА/сағ). 

Ал жаңа модельдің экспортқа қашан және қандай бағамен шығатындығы әзірге белгісіз болып отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: info.abril.com.br

Б. Қосмағамбет