Lenovo планшеті мен Samsung Galaxy Round смартфоны

Lenovo планшеті мен Samsung Galaxy Round смартфоны

Бүгін біз сіздерді гаджеттер әлеміндегі қос бірдей жаңалықпен таныстырмақпыз. Олардың бірі планшет болса, екіншісі смартфон жөніндегі болғалы отыр.

Осы күндері Интернет беттерінде тұсауы әлі кесіліп үлгермеген Lenovo компаниясының туындысы 8 (B6000 модель) және 10 (B8000) дюймды екі бірдей планшеттің суреттері мен олардың кейбір мінездемелері пайда болды.

Lenovo IdeaPad B6000 моделінің 8 дюймды экраны 1280х800 пиксельді мүмкіндікке ие.  Құрылғы Android 4.2 Jelly Bean операциондық жүйесі арқылы жұмыс жасаса, ал оған бүкіл бұйрықты 1,2 ГГц жиілікте жұмыс жасайтын төрт ядролы MediaTek MT8125 процессоры береді. Планшетте 1 ГБ оперативті және 16 ГБ флеш жадтары, сонымен бірге 5 мегапиксельді негізгі камера бар. Сыйымдылығы 6000 мА/сағ болатын аккумулятор оған 16 сағат автономды жұмыс уақытына кепілдік береді.  Ал планшет бағасы 215 еуроны құрап отыр.

Енді 10 дюймды модельге келер болсақ, сыйымдылығы 9000 мАсағ аккумуляторды есепке алмайтын болсақ, ондағы барлық мүмкіндіктер жоғарыдағы модельмен бірдей келеді. Бұл аккумулятор оған 18 сағатқа дейін автономды жұмыс уақытын сыйлайды. Ал Lenovo IdeaPad B8000 моделі 280 еуро тұрады.  

Екінші бір жаңалық, осы аптада оңтүстік кореялық Samsung компаниясының таныстыруы мүмкін Samsung Galaxy Round иілгіш смартфоны жөнінде. Көпшілік мамандар бұл құрылғының дисплейі басқа модельдерге қарағанда мықтырақ болады деп топшылайды.  

1

Қазіргі ақпараттар бойынша, смартфонның 4,7 дюймды диагоналі бар және де 1280х720 мүмкіндіктегі экранға ие болмақ. Сондай-ақ Samsung Galaxy Round төрт ядролы процессормен (Qualcomm Snapdragon 800 болуы мүмкін), 2 ГБ оперативті және 16 ГБ флеш жадтарымен жабдықталады деп күтілуде. Ал ондағы жарықдиодты негізгі камера мүмкіндігі 8 мегапиксельді құрайды.

Айта кету керек, Samsung иілгіш смартфон өндірісімен айналысып жатқан алғашқы өндіруші компания емес. Осыған дейін оның басты отандық бәсекелесі LG да осындай құрылғы шығаруға жұмыстанып жатқандығы хабарланған болатын. Ал өз өнімін компания осы айдың ішінде жарыққа шығармақшы екен.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: geeky-gadgets.com

Б. Қосмағамбет