Archos ұсынған 3 планшет

Archos ұсынған 3 планшет

Archos компаниясы Platinum «туысына» кіретін үш бірдей планшетін таныстырды. IPS-дисплейлерінен жасалынған олардың диагональ өлшемдері 8, 9,7 және 10,1 дюймды құрайды.

Ұш құрылғы да 1,6 ГГц жиілікте жұмыс жасайтын төрт ядролы процессормен жабдықталған, одан бөлек, планшетте 8 ГБ флеш-жад пен Wi-Fi және Bluetooth сымсыз технологияларын қолдау қызметтері де қарастырылған. Гаджеттердің барлығы да Android 4.2 Jelly Bean операциондық жүйесі көмегімен жұмыс жасайды. 8 дюймды модель экранының мүмкіндігі 1024х768 пиксель болса, 9,7 дюймдысы 2048х1536 пиксель, ал 10,1 дюймды экран 1280х800 пиксельді құрайды.

Ең кішкене модельде 1 ГБ оперативті жад болса, үлкендерінде ол екі есеге көп болып отыр. 10,1 дюймды модельде ғана GPS-қабылдағыш пен 2 мегапиксельді фронтальды камера болса, қалғандарында камера мүмкіндігі 0,3 мегапиксельден аспайды.

Ал модельдердің қалған мінездемелері бірдей келеді: microUSB порты, құлаққаптарға арналған тетік, microSD картасына арналған орын, miniHDMI порты және 2-мегапиксельді қосымша камералар.

Archos жаңа планшеттеріне қойылған баға да аса қымбат емес. Олар 8, 9,7 және 10,1 дюймды модельдеріне қарай, 200, 270 және 300 долларды құрайды. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Cурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет