Жапон көзілдірігі кітапты оқу үстінде аударады

Жапон көзілдірігі кітапты оқу үстінде аударады

Дүйсенбіде гаджеттердің жапондық көрмесінде қолданушыға бір толық мәтінді аударуға көмектесетін көзілдірік таныстырылды.

«NTT Docomo» компаниясының технологиялық ноу-хаулардың (камералар мен компьютерлер) түзілісінен (комбинация) тұратын жаңа жүйесі қолданушыға жаңа көзқараста шындық өмірге қарауына мүмкіндік сыйламақ.

Қондырғының көп қосымшаларының бірі туған тілден өзге тілге аудару немесе түсіндіру қызмет қосымшаларын ұсынады. Жапонияға саяхаттап барған жандарға көңіл қуанышты сыйлық болуда. "Күншығыс елінің" барлық аумағында тек жапон тілінде жазылған мәтіндер ұшырасатынын ескерсек, онда көп көмегі тимек.

Өнертапқыштар жаңа көзілдіріктердің технологиясы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында қонақтарға ұсынылатынын айтады. 

Ертеректе Жапонияда әр тілде адамдармен сөйлесу үшін ұялы телефондарға қосымша сөздік шығарылған болатын. NTT Docomo компаниясы шығарған бұл телефондағы қосымшасы жапон, ағылшын, қытай, корей тілдеріндегі сөздерді аударуға арналған еді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: smh.com.au; lasaludentumano.com




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Құсбегілер бәсі
Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN