Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Әлеуметтік желілердегі спамдардың саны 355%-ға артты

Әлеуметтік желілердегі спамдардың саны 355%-ға артты

Әлеуметтік желілердегі спамдардың саны 355%-ға артты

2013 жылы әлем бойынша әлеуметтік желілердегі спамдар саны өткен жылмен салыстырғанда 355%-ға артып отыр, деп хабарлайды Lenta.ru.

Netgate компаниясының соңғы зерттеуіне сүйенер болсақ, әлеуметтік желілердегі әр екі жүз хабарламаның бірі спам болып шығатын көрінеді. Сондай-ақ мұндай хабарламаларды пошталық спамдарға қарағанда анықтау және оны өшіру қиынға соғады. Себебі әлеуметтік желі спамдарының тек 15%-ында ғана белгілі бір сайттарға сілтеме көрсетіледі.

Ал оларды таратудың ең танымал әдісі осындай мақсатты көздеп ашылған аккаунттардан тікелей хабарлама жіберу екендігі де белгілі. Әлеуметтік желілердегі әр 7 жаңа аккаунтқа 5 жаңа спам-аккаунттан келіп отыр. Сондай-ақ қазіргі кезде спамдар ұялы телефон иелеріне де залалын тигізуде. Мысалы, 2013 жылы телефондардағы қосымшалардың 5%-ы спамдар таратумен айналысқан екен.

Салыстырмалы түрде айта кетейік, 2012 жылы Facebook өкілдері «спам» атымен әлеуметтік желіге бүкіл хабарламаның тек 4%-ы ғана келіп түсетінін хабарлаған еді. Ал 2010 жылы Туиттер микроблогында олардың үлесі барлық туиттің 1,5%-ын ғана құраған.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: moipost.ru

Қосылған күні: 01 қазан 2013, 19:01
Пікірлер
+0
01 қазан 2013, 20:00

иә көбейіп кетті үйреніп кететін болдық

+0
02 қазан 2013, 11:16

күніне бір 10 нын нақты аламын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.