Ер адам үшін: Қандай ұялы телефон таңдасам екен?

Ер адам үшін: Қандай ұялы телефон таңдасам екен?

Ұялы телефонның үлгісі, түрі, түсі маңызды рөл атқарып кеткелі қашан? Ер адамдар көбіне сүліктей қара түсті, сұр, сұрғылт түсті ұялы телефонды хош көреді. Дегенмен, телефон үлгісін таңдауда бас қатырып жататындар бар. Сондай серілеріміз үшін Массагет.кз мына кеңестерді ұсынады.

                            Apple iPhone 5

Қалтаңыз көтерсе, Айфон алғаныңыз дұрыс. Айфондағы қосымшалар өзге ұялы телефондарға қарағанда үздік деуге болады. Бағасы – Айфон үлгілеріне қарай 140-170 мыңның арасы.

 

Samsung Galaxy Note

Үлкен экранды бұл үлгі Интернетті оңай қолдануға мүмкіндік береді. Әрі тегін жүктелетін бағдарламасы көп-ақ. Андройд платформасы арқылы Самсунг ұсынып отырған телефондағы қызметтердің барлығын дерлік пайдалана аласыз. Оның үстіне Самсунг Галакси Ноут ер адамның қолында өте жарасымды көрінеді. Бағасы – үлгілеріне қарай 80- 140 мың арасы.

 

                             Nokia Lumia 920

Мақтаулы телефондардың қатарынан табылып жүрген Нокиа Люмияның кез келген үлгісі Самсунг смартфонарынан, керек десеңіз, Айфоннан қалыспайды. Суретке жақсы түсіреді, интернетке кіру, әлеуметтік желілерде хат жазысу қызметтері жақсы дамытылған. Бағасы – үлгілеріне қарай 30- 70 мың арасы.

 

BlackBerry 9900

QWERTY пернетақтасы бар смартфон бәсекелестерінен сәл кейін қалып келе жатса да, корпоративті телефондар нарығында әлі де өз туын төмен түсірмей келеді. Басты ерекшелігі – телефон иесінің ақпараттарын қорғау мүмкіндігі. Осы аппараттарға арналған ең жаңа операциондық жүйе АҚШ пен Канаданың мемлекеттік шенеуніктері қолдана алады деп мақұлдаған. Сондықтан жұмысбасты жігіттерімізге бұл үлгі ұнайтыны сөзсіз. Бағасы – 40-100 мың арасы (Үлгілеріне қарай).

 

Nokia Asha 200

Бүгінде әр адамның басында кемінде екі телефон бар. QWERTY пернетақталы Нокиа Аша екі симкалы болғаны үшін де өзгеден озық. Нокианың басқа үлгілері сияқты төзімді, сырт келбеті салтанатты, интернетке кіру мүмкіндігі бар. Бағасы – 8-25 мың арасы.
   Сурет: freshmobile.kz

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

М. Оңғарова