Apple мен Google ең қымбат брендтерге айналды

Apple мен Google ең қымбат брендтерге айналды

Америкалық алпауыт компаниялар Apple мен Google әлемдегі ең қымбат брендтерге айналып отыр, деп хабарлайды News.ru.

Interbrand консалтингтік агенттігі түзген рейтинг бойынша, көш басында Apple тұр. Оның брендінің бағасы 98 миллиард долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 28%-ға өскен. 

Екінші орынға 93 миллиард доллармен Google корпорациясының бренді орналасқан. Ол 2012 жылмен салыстырғанда 34%-ға қымбаттаған. Айта кетейік, Google осыған дейін ешқашан мұндай жоғары деңгейге көтеріліп көрмеген екен.

Үздік үштікті он жылдан бері бірінші орынды ешкімге бермей келген Coca-Cola (79 миллиард доллар) қорытындылап тұр. 

Ал әлеуметтік желілер арасында тек Facebook қана (брендінің) 43% жылдық өсімімен 52 орында тұр. Оның құны 7,7 миллиард доллар болды.    

Interbrand агенттігінің рейтингісі бойынша әлемдегі ең қымбат 20 бренд:  

1. Apple - 98,3 млрд. доллар
2. Google - 93,3 млрд. доллар
3. Coca-Cola - 79,2 млрд. доллар
4. IBM - 78,8 млрд. доллар
5. Microsoft - 59,5 млрд. доллар
6. GE - 46,9 млрд. доллар
7. McDonald’s - 41,9 млрд. доллар
8. Samsung - 39,6 млрд. доллар
9. Intel - 37,3 млрд. доллар
10. Toyota - 35,3 млрд. доллар

11. Merсedes-Benz - 31,9 млрд. доллар
12. BMW - 31,8 млрд. доллар
13. Cisco - 29 млрд. доллар
14. Disney - 28 млрд. доллар
15. HP - 25,8 млрд. доллар
16. Gillette - 25,1 млрд. доллар
17. Louis Vuitton - 24,9 млрд. доллар
18. Oracle - 24 млрд. доллар
19. Amazon - 23,6 млрд. доллар
20. Honda - 18,4 млрд. доллар

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: lab-patent.com

Қ. Бүйенбай