Facebook қолданушылары жазбасын редакциялай алатын болды

Facebook қолданушылары жазбасын редакциялай алатын болды

Әйгілі Facebook әлеуметтік желісі қолданушыларға жазбаларын кез келген уақытта редакциялауға болатын мүмкіндік берді, деп хабарлайды Digit.ru.

Әрбір жазбадан соң шығатын мәзірде (бұрын тек «өшіру» мен «мұрағатта көрсетпеу» сөздері бар болатын) «редакциялау» сөзі пайда болды. Сонымен қатар, жариялау күні мен посттың орналасқан жерін өзгертуге болады екен.

Өз кезегінде мамандар аталған функция хакерлерге таптырмас сый болады деген күдік білдіруде. Дәлірек айтар болсақ, хакерлер осы опцияның көмегімен посттардың мазмұнын ауыстырулары мүмкін. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: ef.donnu.edu.ua 

Ж. FM