Жапон экзоскилеті сатылымға шықты

Жапон экзоскилеті сатылымға шықты

Жапондық сынақ HAL (Hybrid Assistive Limb – «гибридті көмекші мүше») роботтық экзоскилет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған және Цукуба университетінде 20 жылдан астам уақыт бойы жасалған.

Қазірде бұл аппарат Жапонияның медицина жүйесіне белсенді түрде кіріктірілуде. Экзоскилет құқығына ие Cyberdyne компаниясы соңғы жылдың өзінде 330 данасын жалға беріп үлгеріпті. Ал осы жылы HAL өзі тектес құрылғылар қатарында халықаралық қауіпсіздік сертификатына ие болыпты. Бұл дегеніңіз, мұндай құралдарды енді компания әлемдік нарыққа шығара алады және оның сапасы барынша мінсіз бола түскенін дәлелдеп отыр.

HAL-5 модификациялық құрал бес адамның көтеретін жүгін бір адамға-ақ көтеруге мүмкіндік береді. Ендігіде, бұл құрылғы тек медицина саласында ғана емес, сонымен қатар, құтқарушылар мен төтенше жағдайлардың алдына алу қызметіне көмекке келмек.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: fresher.ru

А. Құлтай