Apple іс-шарасында не таныстырылады: 5 болжам

Apple іс-шарасында не таныстырылады: 5 болжам

Бүгін, Астана уақымен сағат 23:00-де Apple компаниясының іс-шарасы өтеді. Аталған іс-шарада iPhone модельдерінің жаңа нұсқасы таныстырылады деп күтілуде. Соған байланысты жуырда жарыққа шығуы керек Apple өнімдері жайлы сөз қозғасақ.

Болжам өнімдер

iPhone 5S

Мамандардың бағалауынша, Apple конференция кезінде жетілдірілген iPhone 5S нұсқасын таныстыруы әбден мүмкін. iPhone 5S қолданушыны саусақ іздерінен танитын секілді бірнеше жаңа функциямен толығады деп күтілуде.

2012 жылдың шілде айында Apple AuthenTec компаниясын сатып алған болатын, ал бір жыл өткен соң US Patent & Trademark Office компанияның мобильді құрылғыларға саусақ іздерін айыратын технологияны қолдануға болмайтын патентті жариялады.

iPhone 5C

Apple өнімдерінің ішінде асыға күтілудегі жаңарту – компания үшін iPhone-ның бірінші арзан нұсқасы. Жаңа модель жайында белгілісі телефонның іші (мүмкіндіктері секілді) дәл сол күйі қалады – басты өзгеріс тек түрі мен бағасы ғана болмақ.

Мобильді нарық аналитигі Бенедикт Эванстың айтуынша, құрылғының бағасы шамамен 400 долларды құрайтын көрінеді.

iPhone 5C-тің корпусы жайлы видео

iOS 7

iOS7 операциондық жүйесі жайлы әлі күнге дейін белгісіз қалып отырған жалғыз нәрсе – оның барлық қолданушыларға қашан қолжетімді болатындығы. Бірақ ол бүгінгі іс-шарада таныстырылады деген болжам да бар (немесе аталған іс-шарадан бірнеше апта өткеннен соң). iOS 7 айтарлықтай өзгеріске ұшырағанымен, оның соңғы бета-нұсқасының шыққанына біршама уақыт болды, ал девелоперлік аккаунт иелері басқа жаңартуларды күтуде.

Үш ай ішінде iOS7-де не өзгерді

  • Күйге келтірудегі иконкалар ауысты
  • Экрандағы қоңырау белгілері домалақ болды
  • CONTROL CENTER-ді  қосымшада болып-ақ өшіруге болады
  • IPHONE экранын қосу енді құрылғы түсіне бейімделеді
  • Хат экранында тек бірінші әңгімелесушінің аты ғана шығып тұрады.

iTunes Radio

Мобильді операциондық жүйенің ауқымды жаңартуларының бір бөлігі ретінде ITUNES RADIO болды. Аталған сервис iOS7-ге орнатулы болады, алайда компания оны десктоптық iTunes пен Apple TV-ге де енгізуді жоспарлап отыр.

Apple TV

APPLE TV айтырлықтай өзгеріске ұшырамайтын сыңайлы. Алайда мамандардың пайымдауынша, гаджет бағдарламалық қамсыздандыру жағынан жаңаратын секілді - iTunes Radio-ның дайындық үстіндегі релизінен бөлек, жаңа Apple TV-лерде басқа құрылғылардағы контентті көру мүмкіндігі болады, деп хабарлайды AllThingsD.

Трансляция

Презентация бүгін Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады.

Деректер

АҚШ-та презентациядан кейін келесі күні Apple жергілікті нарыққа қызығушылығын растау үшін Қытайда іс-шара өткізеді. Мамандардың бағалауынша, қытайлық ірі провайдер China Mobile-мен келісімнің өзі американдық компанияның 32 миллионнан астам гаджет сатуына септігін тигізеді.

- Сыбыстарға сенер болсақ, модель атауындағы C-ның не China-ға не Colors-қа қатысы бар.

- Компания тарихында алғаш рет iPhone моделі алтын түсті нұсқада жарық көреді. Түс өзгерісі арзан құрылғыларды күтіп тұр - iPhone 5C ақ, сары, көк, алқызыл және жасыл түсті болады деп күтілуде. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: lookatme.ru

Ж. FM