Skype 3D форматқа көшпек

Skype 3D форматқа көшпек

Skype желісі 3D форматтағы видеоқоңырау жасауға мүмкіндік жасайтын мүмкіндік енгізбекші екен. Бұл туралы Vesti.ru Microsoft компаниясына сілтеме бере отырып хабарлады.

Skype желісінің құрастырушылары 3D суретпен жұмыс жасауға әлдеқашаннан-ақ мүмкіндігі бар екенін айтуда. Бірақ, бір кілтипан – бүгінгі уақытта барлық қолданушылардың жоғары форматты қолдайтын компьютерлік мүмкіндігі жоқ, осы себепті де Skype желісінде 3D-видео енгізе бастау уақыты әлі келмей тұр екен.

Мессенджер өкілдері осыған байланысты 3D-камераларды кең ауқымда қолданысқа енгізуді насихатталмақ. Нарықта 3D қызметін ұсынатын мониторлар мен теледидарлар көп болғандығы себепті, әзірге Playstation 4 ойынына арнап, ерекше Skype жасалатын болды. Бұл қатарға жапон компаниясының Sony өнімі де еніп отыр.

Ескерте кетейік, осы жылдың жазында бұдан басқа да пайдалы утилит – Video Messaging шыққан болатын.  Ол Microsoft Windows, Windows 8, Apple Mac, iPhone, iPad, Google Android және BlackBerry платформаларын қолдайды. Бұл қызмет қолданушының өз әңгімелесушісіне видеохабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Мұндай хабарламаны алған қолданушы Skype желісіне кірген уақытта оған арнайы хабарламаны көру үшін белгі беріледі.

Skype-та бұл жағдайды 2013 жылдың ақпан айынан бастап-ақ айта бастаған еді, Video Messaging бұл уақытта тек тестілеу жағдайында еді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: turbosquid.com




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар