Skype қолданушылары бір-бірінің көздеріне қарай алатын болды

Skype қолданушылары бір-бірінің көздеріне қарай алатын болды

Skype немесе осыған ұқсас басқа да бағдарламаларды қолданатын адамдар видео арқылы сөйлескен кезде бір-бірінің көзіне тура қарай алмайтын жағдайға тап болып келген еді. Бұл мәселе экранға қарағанда қолданушыны түсіретін камераның ауытқып орналасуынан болып келген болатын.

Енді бұл мәселенің шешімін Цюрихте орналасқан Швейцарияның жоғары техникалық мектебінің Computer Graphics Laboratory зертханасында жасалынған бағдарлама шешіп отыр. Оның көмегімен екі адам бір-бірінің көздеріне тура қарайтын болды. Бағдарлама бейнедегі бетіңізді танып және оны автоматты түрде сіздің әңгіме жүргізіп отырған адамыңыздың көзіне қаратып, жылжытады.

Осы күнге дейін тек ірі компаниялар ғана видеоконференцияны пайдалану кезінде тікелей визуалды байланыс жүйесіне қол жеткізіп келді. Оларға мұндай әсер күрделі айналы құрылғылар немесе бірнеше камералар және арнайы бағдарлама көмегімен беріліп келген болатын. Бұл жүйе үлкен шығындарды қажет еткендіктен, оны қарапайым қолданушылар пайдалана алмайтын.  

Жаңа жүйе түстер мен басқа да жағдайлар жөніндегі ақпараттарды алу үшін Kinect контроллерін қажет етеді. Құрастырушы мамандар болашақта смартфондардың қарапайым камералары мен веб-камералар үшін жұмыс жасай алатын бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама Skype плагині түрінде шығатын болады.

Жаңа жүйе жөніндегі видеоны қарау

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет