Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Skype қолданушылары бір-бірінің көздеріне қарай алатын болды

Skype қолданушылары бір-бірінің көздеріне қарай алатын болды

Skype қолданушылары бір-бірінің көздеріне қарай алатын болды

Skype немесе осыған ұқсас басқа да бағдарламаларды қолданатын адамдар видео арқылы сөйлескен кезде бір-бірінің көзіне тура қарай алмайтын жағдайға тап болып келген еді. Бұл мәселе экранға қарағанда қолданушыны түсіретін камераның ауытқып орналасуынан болып келген болатын.

Енді бұл мәселенің шешімін Цюрихте орналасқан Швейцарияның жоғары техникалық мектебінің Computer Graphics Laboratory зертханасында жасалынған бағдарлама шешіп отыр. Оның көмегімен екі адам бір-бірінің көздеріне тура қарайтын болды. Бағдарлама бейнедегі бетіңізді танып және оны автоматты түрде сіздің әңгіме жүргізіп отырған адамыңыздың көзіне қаратып, жылжытады.

Осы күнге дейін тек ірі компаниялар ғана видеоконференцияны пайдалану кезінде тікелей визуалды байланыс жүйесіне қол жеткізіп келді. Оларға мұндай әсер күрделі айналы құрылғылар немесе бірнеше камералар және арнайы бағдарлама көмегімен беріліп келген болатын. Бұл жүйе үлкен шығындарды қажет еткендіктен, оны қарапайым қолданушылар пайдалана алмайтын.  

Жаңа жүйе түстер мен басқа да жағдайлар жөніндегі ақпараттарды алу үшін Kinect контроллерін қажет етеді. Құрастырушы мамандар болашақта смартфондардың қарапайым камералары мен веб-камералар үшін жұмыс жасай алатын бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама Skype плагині түрінде шығатын болады.

Жаңа жүйе жөніндегі видеоны қарау

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Қосылған күні: 28 тамыз 2013, 20:31
Пікірлер
+0
28 тамыз 2013, 20:44

Әддемі , шынында сөйлесу ыңғайсыз

+0
28 тамыз 2013, 20:54

ия,айдалаға қарап отыратын ек

+0
29 тамыз 2013, 10:03

мен скайппен жиі сөйлесемін, мынау дұрыс болды

+0
29 тамыз 2013, 10:30

байқамаппын

+0
29 тамыз 2013, 10:44

Расында да оған қараймын деп,өзіңнің қарағаның оған көрінбей қалады ғой :lol: :)

+0
01 қыркүйек 2013, 19:36

охх әкеңңң, енді скайпта өтірік айта алмайтын болдыққо

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.