Micro Phone Lens - смартфондарды микроскопқа айналдыруға арналған линза

Micro Phone Lens - смартфондарды микроскопқа айналдыруға арналған линза

Micro Phone Lens – бұл қарапайым смартфоннан аса жоғары сапалы микроскоп жасауға мүмкіндік беретін Kickstarter-дағы кезекті қызықты жоба саналып отыр.

Micro Phone Lens құрамына смартфон немесе планшет камерасына орнатуға болатын дәлме-дәл оптикалық әйнегі бар миниатюралы пластикалық линза элементтері кіреді. Құрылғы 15 мәрте үлкейту мүмкіндігіне қоса мобильді телефон камерасының зумын да пайдалануға мүмкіндік береді. 

1

Бұл линза материалы соққыларға өте төзімді. Ал оны кәдімгі сабынмен көпірген судың көмегімен тазалауға болады. Жоба қазірдің өзінде жоспарланғаннан алты есе көп қаржы жинағанын ескерсек, Micro Phone Lens құрылғысының жарыққа шығуы жақын арада орын алатын түрі бар. Оның үстіне бұл жаңалық кез-келген смартфон немесе планшет өндірушілерін де бейжай қалдырмай отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет