Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / ESET NOD32 Mobile Security 2.0 антивирустық қосымшасы іске қосылды

ESET NOD32 Mobile Security 2.0 антивирустық қосымшасы іске қосылды

ESET NOD32 Mobile Security 2.0 антивирустық қосымшасы іске қосылды

Енді вирустардан толық қорғау мүмкіндігі сіздің телефоныңыз үшін де қолжетімді болды. ESET компаниясы бірнеше мобильді операциондық жүйелерді қолдайтын (android, windows mobile және symbian) смартфондарға арналған NOD32 Mobile Security 2.0 жаңа антивирустық бағдарламасын  жасап шығарды.

Сонымен жаңа нұсқада қандай өзгерістер бар екендігіне көз жүгіртейік. Әрине біріншіден бұл құрылғыларға арналған жылдам, интеллектуалды және терең үш сканерлеу деңгейі бар антивирус.

«Ұрлыққа қарсы» («Антивор») функциясы. Бұл функцияны іске қосу арқылы сіз телефоныңызды біреудің ұрлауынан немесе оны жоғалтып алудан сақтандырасыз. Таратып айтсақ, бұл қызмет арқасында сіз өзіңіздің телефоныңызды sms хабарлама арқылы бұғаттай аласыз; GPS көмегімен оның жатқан жерін дәл тауып ала аласыз; телефон жадын өшіре аласыз; егер онда авторластырылмаған Sim-карта орналасқан болса, оған ешкім аша алмайтындай бұғат қоя аласыз; сондай-ақ сенімді телефон нөміріне ескерту хабарламасын жібере аласыз.

Одан бөлек, қосымшада «Антифишинг» функциясы да бар. Бұл функция сіздің телефоныңызды құрылғыға зиянын тигізетін және сіздің жеке ақпарат, пароль немесе банктік карта нөміріңізді ұрлауы мүмкін сайттардан сақтау мүмкіндігіне ие. Және де ол телефоныңызға залалын тигізер барлық қосымшалар мен сайттардан қорғайды.

«Қауіпсіздікті тексеру» функциясы сіздің телефоныңызға қондырылған қосымшалардың қайсысы сізден ақы алатынын, қайсыбірі сіздің мекен-жайыңызды анықтайтынын, қайсысы сіз туралы ақпарат жинап (мобильді телефон және төлқұжатыңыздағы сериялық нөмірлер, т.б) және сіздің SMS, MMS хабарламаларыңызды оқи алатынын дәл тауып береді. Сондай-ақ антивирусте сіздің телефоныңыздың осалдығын анықтауға көмектесетін «Қауіпсіздік аудиті» атты функция да бар.  

«Қоңыраулар мен SMS хабарламаларды  фильтрлеу». Бұл функция арқылы сізге кім және қашан қоңырау шала алатынын басқара аласыз. Яғни сіз телефоңызға белгісіз нөмірлерден келіп түсетін қоңырауларды, белгіленген уақытта белгіленген нөмірден келетін хабарламаларды бұғаттап, сондай-ақ шығыс қоңырауларын да фильтрлей аласыз.   

Одан бөлек бағдарламаның «дыбыстық сирена» атты қызықты фунциясы бар. Ол арқылы кез-келген нөмірден SMS бұйрық жіберілгенде құрылғыда қатты дыбыс ойнайды. Сол кезде телефоныңызды да табуға мүмкіндік болады.

Сондай-ақ қосымшаны алдын-ала белгіленген кесте бойынша фондық режимде өтетін сканерлеуге баптауға да болады. Жаңа өнімнің бір артықшылығы ол үлкен оперативті жад көлемін алмайды және телефоныңызға еш зиян келтірмей, мүлтіксіз адал қызмет атқарады.

Бастысы жаңа антивирус қосымшасы өзінің қолданушылары үшін әдемі, ыңғайлы және түсінікті интерфейске ие. 

Мобильді телефондарға арналған NOD32 Mobile Security 2.0 жаңа антивирустық қосымшасы 1 жыл қызметі үшін шамамен 4000 теңгедей тұрса, екі жылға оның бағасы 6000 теңгедей болады. Ал антивирустық қосымшаны Eset компаниясының ресми сайтынан жүктеуге болады.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: qiqru.org

 

2690 3
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 26 тамыз 2013, 21:30
Пікірлер
+0
27 тамыз 2013, 03:29

Ақылы екен ғо

+0
27 тамыз 2013, 09:28

иа ақылы екен, мен аваст қолданам әлсіз сияқты ((

+0
27 тамыз 2013, 10:58

Ақылы болса да ақылды антивирус. Басқа бағдарламаларда жоқ қаншама жаңа мүмкіндіктері бар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...